Сен бойыңа иманыңнан жиып күш,
Нәпсіңменен күресе біл, күйіп піс.
Түсінемін сурет деген сүйікті іс,
Өтінемін ұзын көйлек киіп түс.
Тақпасаңда сен басыңа паранджа,
Арлы адам боп көріне біл адамға,
Бір күні өзің түсінерсің қарағым,
Қыз береді, ұл береді саған да.
Бір көз қарас көремін деп серіден,
Сен айнымай бара жатсың періден.
Ұл қыздарың өскен кезде бір күні,
Жақсы емес қой, көріп қалса желіден.
Намыс дейтін бір ақ сәтте құлар кеп,
Абыройға толы мынау бұғар леп.
Сәл ойланып көрмедің бе қарындас?
Әкем іштей тынып жүрген шығар деп.
Сен жоғалтып алма қалқам бағаңды,
Ұяңдықпен үзіп алма араңды.
Жаман атың шығып кетсе бір күні,
Достарыда сыйламайды ағаңды.
Ондай кезде қаптайды екен ептілер,
Көрші әйелдер Анашыңа кеп күлер.
Ысқырықтың дауысы шықса көшеңнен,
Саған келген жігіттер ғой деп білер.
Жаман болсаң оған өзің айыпты,
Көп қарындас көз жастарын жайыпты.
Сен жақсы адам бола алмасаң осылай,
Тек жаманға жолығасың лайықты.
Кейбіреулер кінә артады жігітке,
Сәл ойланып өз кінәсін біліп бе?.
Ұзын киме, қыс ки деп жігіттер,
Сонда олардың етектерін тіліп бе?.
Екі айрылған адамдардың жолы шын,
Біреу берер, біреу бермес қол ұшын.
Сен жақсы адам таңдау үшін алдымен,
Жақсы адам боп өмір сүргін сол үшін.
Ойнап жүрсе өң бойыңда сайтаның,
Мен жігітше бір көзқарас айтамын.
Қысқа етекті ойнас қылып жүредте,
Ұзын киген қыздарды алад байқадым.
Аспау керек, аспау керек сызықтан,
Мұсылман бол көрші көлем қызыққан.
Қысқа киген қыздарды алдау ойлары,
Тек аман бол қарындасым бұзықтан.
Мұсылманда намыс деген биік күш,
Өз өзіңді дұрыстап алшы жиып күш.
Түсінемін сурет деген сүйікті іс,
Өтінемін ұзын көйлек киіп түс....
// Дастан Матниязов - Ұзын көйлек киіп түс