Адам көрдім... Дін десе қос қабағы түйілетін, Тағдырына шарасыз күйінетін. Құдайына құлдық ұру орынына, Бастығының алдында иілетін! Беттер көрдім... Нұрлы өңін арға балап өткендер бар, Бұл күні беттен ұят кеткен болар, Беттер көрдім мен соондай беттер көрдім, Беттерінің ішінде бетперде бар! Көздер көрдім... Жақсы сөзді көңілге тоқымайтын, Берекелі ілімді шоқымайтын, Құранның аятынан ең болмаса, Бетін ашып бір əріп оқымайтын! Құлақ көрдім... Жүретін көпті көрген естідей тым, Ақиқат бұл, жүректі тескілейтін. Саңылауы бітелгені соншалықты, Азанның шақырғанын естімейтін! Қолдар көрдім... Күнə істер жасап жүріп керілетін, Сауабы күнəменен төгілетін. Қолдар көрдім ешқандай қайырымсыз, Сауабы мол істерден шегінетін! Аяқ көрдім... Харамнан өзгелерден аса алмайтын, Жанарым соны көріп жасаурайтын. Раббысының үйіне бір-ақ рет, Жұмасына бір қадам баса алмайтын! Түйін.. Өмірім өлең дейтін жыр алаңы, Əр сөзім ақиқаттан құралады, Өзіне Алла берген нығметтен, Ахіретте əрбір пенде сұралады! // Мұстафа Ғалымбек

Теги других блогов: поэзия религия духовность